Текст песни Жолдасбек Абдиханов — Қайтемін

Күнім уайымға толды,
Түнім қайғыға толды.
Жүрмін жүк қылып, жаным,
Мұңын, жүректің сорлы.
Қайда, тәтті кез сол бір,
Жайнап, жарасқан көңіл.
Айлар жылдарға алмасып,
Жай-жай өтуде өмір.

Қайырмасы:
Қайтемін, қайтемін, қайтемін,
Жаралы жүректің айт емін.
Күдікпен күресіп, үмітпен,
Күн кешіп келемін, әйтеуір.

Жаным бір тыным таппай,
Таңым ұйқысыз атты-ай.
Бәрін шешетін бізсіз,
Заңы тағдырдың қатты-ай.
Жағар сезімді сөнген,
Жалғар үмітті сенен.
Жалған болса да өмір,
Арман, алдама сенем(ін)