Текст песни Мөлдір Әуелбекова — Арман алдамайды

Сені ойласам төзім таусылып
Жүрегімде мұң,көңілімде мұң
Есімде бақытты күндерім
Сағынарымсың,жалын әнімсің
Жас жүрегім сені іздейді
Ойладым сені
Қос жанарым көз ілмейді
Қинадың мені
Неге кеттің жыраққа неге?

Қайырмасы:
Арман арман арман алдамайды
Бірге өткізген күндеріміз жанға жайлы
Адал махаббаттың сезім жан сарайы

Сезім сиқыр еске түсіріп
Бақыт келмесін,уақыт белесін
Көз алдымда нұрлы бір елесің
Сенсіз күй кештім
Көзсіз тілдестім
Бұйырмаған бақыт деп ең
Жаныма жақын,
Құстарды бір жеткізердей

Қайырмасы:
Арман арман арман алдамайды
Бірге өткізген күндеріміз жанға жайлы
Адал махаббаттың сезім жан сарайы