Текст песни Қайрат Нұртас — Мен сені ұнатам

Сезімді сезіндім сендегі шыдамсыз
Мендегі төзімнің бомбасы тым әлсіз
Өзіңе асығып баратын жол да жоқ
Ұнатсаң жасырып майыспа онда көп
Қалдырсаң жауапсыз жарылам бомба боп.

Қайырмасы:
Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам
Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам
Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан
Мен сені бәрібір өзіме қаратам.

Сен маған ерте деп жоғалтып алмашы
Ертерек еркелеп өкпелеп қалмашы
Қаласаң ешқандай бөгеттер жоқ демек
Мұз болған жүректі жібітер от керек
Сен маған өкпелеп бүртиіп кетпе тек

Қайырмасы:
Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам
Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам
Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан
Мен сені бәрібір өзіме қаратам.