Текст песни Ziruza — Сағыну

Бір тамшы жаңбырдан
Алақанға тамған
Көрінеді маған бір адам
Таңдағы айнадан
Біздің бейне баян
Қайта қайта бастан қойылған

Терезе көрермен
Бірақ еш бір үн жоқ қол соққан
Тоқтағанда өлең
Сен жоқсын сүйетін оң жақтан

Не деген сағыну
Ол өлтірмейтін у
Ол ұйқысыз әр таңды ойлаумен аттыру
Не деген сағыну
Ол үнсіз бағыну
Ол қаншама сәттерден құралған сарылу

Бүгінгі жазылған
Бір жұлдызнамадан
Көрдім екеуімізден бір арман

Терезе көрермен
Бірақ еш бір үн жоқ қол соққан
Тоқтағанда өлең
Сен жоқсын сүйетін оң жақтан

Не деген сағыну
Ол өлтірмейтін у
Ол ұйқысыз әр таңды ойлаумен аттыру
Не деген сағыну
Ол үнсіз бағыну
Ол қаншама сәттерден құралған сарылу