Текст песни Қуандық Рахым — Шынайы болшы

Шектеме жанды желпініп тұрған
Жоғалып кетер төзбесе
Шынайылық пен еркіндік тұнған
Əлемім менің өзгеше
Риясың көңілің бар болса егер
Дос болар мендей бір адам
Сенімді мендік жандырсаң егер
Қасыңда мұң боп жүре алам.

[Қайырмасы]
Пəк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бəрі онсыз да.

Күлдіріп айтар дұшпаның деген
Қазақтың сөзі бар еді
Жасандылықты құшқаның неге
Көрінеді саған əдемі
Риясыздықты сəбиден үйрен
Айналаң шыншыл болмаса
Өтірік мақтап фəниден күйбең
Бақ табам деуің далбаса

[Қайырмасы]
Пəк көңіл жанның ұдайы досы
Бұл өмір дейтін жолсыз да
Шынайы болшы, шынайы болшы
Жасанды бəрі онсызда.