Текст песни Қуандық Рахым — Оның көздері

Әлемі тұнық әдемі
Арулар қандай арайлы
Балауыз шамдай жаздағы таңдай
Жүзіне сәуле тарайды
Тамсандырып талайды
Тек біреуді қалайды
Қайран қылдырып ой қалдырып
Жүректі өртеп қарайды

Қайырмасы
Қыз қыз қарады
Қос қос жанары
Қас қас қабағы, мазамды алып,
Қас қас қабағы мас мас қылады
Барам естен танып

Жүрегі қымбат үнемі жұмбақ
Бағалы асыл гаухардай
Танысқанменен табысқанменен
Тұрады сыры ашылмай
Бар айласын жасырмай
Айналдырған басымды ай
Таң қылады талдырады
Көздері оның жасындай

Қайырмасы
Қыз қыз қарады
Қос қос жанары
Қас қас қабағы, мазамды алып,
Қас қас қабағы мас мас қылады
Барам естен танып