Текст песни Қуандық Рахым — Бала махаббаты

Туғаннан құлыным деп аймалаған
Өзімдей абзал ана қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған

Қайырмасы
Көз ілмей түн қатқан
Жаным деп үн қатқан
Аялап баласын
Мәпелеп өсірген
Мың алғыс анашым!

Анасыз керек емес тақта маған
Адамдай ана сүтін ақтамаған
Перзент боп жер бетіндей
Жүрмесінде анаға махаббатын сақтамаған

Қайырмасы
Көз ілмей түн қатқан
Жаным деп үн қатқан
Аялап баласын
Мәпелеп өсірген
Мың алғыс анашым!