Текст песни Қуандық Рахым — Бағдаршам

Өзегіңді өртегенмен өткен іс
Өкінішке жұмсамашы текке күш
Тағдыр жолы тақтай емес теп тегіс
Алматындай көшесіндей кептеліс

Қайырмасы
Алдыңдағы бағдаршам оууу…
Өміріңдей аңғарсаң
Жасыл жарық жас күнің
Ойнап күлген қанғанша
Сарғайтады кəрілік
Сағынышың барғанша
Армандай бер бауырым
Қызыл түсі жанғанша

Өмір өзен өзгермейтін қартағыс
Қиылысы бұрылысы бейтаныс
Тағдыр жолы бұлтараспен тартылыс
Алматының көшесіндей арпалыс

Қайырмасы
Алдыңдағы бағдаршам оууу…
Өміріңдей аңғарсаң
Жасыл жарық жас күнің
Ойнап күлген қанғанша
Сарғайтады кəрілік
Сағынышың барғанша
Армандай бер бауырым
Қызыл түсі жанғанша