Текст песни Төреғали Төреәлі — Сүю оңай ма?

Қыздар, қыздар, қыздардың сұлуын-ай,
Мөлдір, мөлдір көздердің тұнығын-ай.
Темір, темір, темірдей жігіттерді,
Қызды көрсе шыбықтай сынуынай.

[Қайырмасы]
Біреуі таңдай, біреуі шамдай,
Қарау мүмкін бе, өртеніп жанбай.
Біреуі мұздай, біреуі тұздай,
Сүю оңай ма, әуре болмай.
Ооооу, сүю оңай ма,
Ооооу, сүю оңай ма.

Қыздар, қыздар, қыздардың көркемін-ай,
Бізді, бізді еліткен еркелігі-ай.
Тәтті, тәтті оятып сезімдерді,
Көздеріңмен жанымды өртедің-ай.

[Қайырмасы]
Біреуі таңдай, біреуі шамдай,
Қарау мүмкін бе, өртеніп жанбай.
Біреуі мұздай, біреуі тұздай,
Сүю оңай ма, әуре болмай.
Ооооу, сүю оңай ма,
Ооооу, сүю оңай ма.

Қыздар, қыздар, қыздардың сұлуын-ай,
Мөлдір, мөлдір көздердің тұнығын-ай.
Темір, темір, темірдей жігіттерді,
Қызды көрсе шыбықтай сынуын-ай.

[Қайырмасы]
Біреуі таңдай, біреуі шамдай,
Қарау мүмкін бе, өртеніп жанбай.
Біреуі мұздай, біреуі тұздай,
Сүю оңай ма, әуре болмай.
Ооооу, сүю оңай ма,
Ооооу, сүю оңай ма.