Текст песни Төреғали Төреәлі — Мен мақтаншақпын

Ерлігі сақ бабаның кеңдігі жатқа мәлім
Жеріммен мақтанамын мен
Сол жерді мекендейтін шетелдер шетелдейтін
Еліммен мақтанамын мен
Еліме қорған болған бірігіп орман болған
Еріммен мақтанамын мен
Еріме жарасатын кірлетпей Алаш атын
Керіммен мақтанамын мен

[Қайырмасы]
Төбемдегі күнмен мақтанамын
Даламдағы гүлмен мақтанамын
Елімде бармен мақтанамын деп
Мақтаншақ болып барамын (2)

Қызықпын қаһарманмын қартымнан бата алғанмын
Қаныммен мақтанамын мен
Әкешім асқар тауым Анашым дастарханым
Бағыммен мақтанамын мен
Жүректі жылытатын өкпені ұмытатын
бауырмен мақтанамын мен
Тудырған тектілерді еңбекке ептілерді
Ауылмен мақтанамын мен

[Қайырмасы]
Төбемдегі күнмен мақтанамын
Даламдағы гүлмен мақтанамын
Елімде бармен мақтанамын деп
Мақтаншақ болып барамын (4)