Текст песни Төреғали Төреәлі — Іңкәр жүрегім

Таппасамда өмір тұрлауын
Əнге қосып сені жырладым
Айлы түнде берген сертімде
Айтшы саулем неге тұрмадың
Неге тұрмадың
Қайырмасы:
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңның мөлдір тұнығы
Мөлдір тұнығы-ай
Қара жолда тұнық іздерің
Түн пердесін түріп іздедім
Мың күнімді мұңға батырып
Бір күнімнен үміт үзбедім
Үміт үзбедім
Қайырмасы:
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңның мөлдір тұнығы
Мөлдір тұнығы-ай
Жадыраған жаздан мекенсің
Еркелеген наздамекенсің
Қайда екенсің қара көз айым
Əлде сырлы саздамекенсің
Қайда екенсің
Қайырмасы:
Жалған десе жалған ғұмыр-ай
Жанарымда қалдың тұрып-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңның мөлдір тұнығы
Мөлдір тұнығы-ай
Жақын тұрсаң бейнең көрінер
Жанарыңның мөлдір тұнығы аа-ай
Мөлдір тұнығы-ай!