Текст песни Төреғали Төреәлі — Беу-беу

Арасынан өмір деген кәрі керуеннің
Жұп таба алмай әбігерлендім
Сендей қызды бұрын-бұрындары көргенмін
Онда бұрын сені көргенмін

Қайырмасы:
Беу, беу, беу
Артық емес жұмақтан келген деу
Жарты өмірге жеткілікті қуаныш
Сеніменен жарты сағат серуендеу
Пай, пай, пай
Құмыра бел, күсім саусақ, ай маңдай
Ықыласың басқада ғой әйтпесе
Тағдырымды қосар едім ойланбай.

Жаныңа кеп жайғасқанда жуаспын қандай
Жуастық жоқ күн астында ондай
Құдай сені әлемдегі барлық гүлдердің
Қауызынан құрастырғандай

Қайырмасы:
Беу, беу, беу
Артық емес жұмақтан келген деу
Жарты өмірге жеткілікті қуаныш
Сеніменен жарты сағат серуендеу
Пай, пай, пай
Құмыра бел, күсім саусақ, ай маңдай
Ықыласың басқада ғой әйтпесе
Тағдырымды қосар едім ойланбай.