Текст песни Төреғали Төреәлі — Балалық шақ

Қайран менің бала шағым-ай,
Шаруам да шала шағын-ай.
Арман арман арман, күтіп жүрген алдан,
Артта қалған тамаша күн-ай.

Қайта оралмас тамаша күн-ай,
Саған қалай жол ашамын-ай.
Әкем желкелетіп, анам еркелетіп,
Бала күнде бау асадым-ай.

Арман арман арман, күтіп жүрген алдан,
Артта қалған тамаша күн-ай.
Арман арман арман, күтіп жүрген алдан,
Артта қалған тамаша күн-ай.

Мектепке алғаш барған кезім-ай,
Қуаныштан жанған көзім-ай.
Жетемін деп айға, астымдағы тайға,
Қамшы салған аңғал кезім-ай.

Аңғал кезім, ақ көңіл кезім,
Ең қызықты сәттерім менің.
Аталармен аймен өтіп кетті-ау жәймен,
Жалғыз түйір әттеңім менің.

Желкем үсіп тоңған,
Желмен ұшып қонған.
Шимай-шимай дәптерім менің.

Желкем үсіп тоңған,
Желмен ұшып қонған.
Шимай-шимай дәптерім менің.

Сағынышым сол күндер еді,
Әлі бала болғым келеді.
Альбомға бір қарап, айнаға бір қарап,
Көзім дейді мөлдіремеді.

Арман арман арман, күтіп жүрген алдан,
Артта қалған тамаша күн-ай.
Арман арман арман, арман болып қалған,
Қайта оралмас бала шағым-ай.
Қайта оралмас бала шағым-ай.