Текст песни Төреғали Төреәлі — Қатемді кешіріңдер

Туған жерім, киелі кең бесігім,
Туған елім, ырысы көл көсірім.
Періште емес Алланың пендесімін,
Адамның жерлесімін,
Қателіктерім үшін,сұраймын мен кешірім.

Қайырмасы

Қатемді кешіріңдер,
Тербеткен бесігімді ел.
Ертеңге сабақ болар,
Ескіріп осы күндер
Өкпені өшіріңдер.

Сөз беремін,
Мен енді өзгеремін,
Отаным жоқ
Өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің
Еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім
Кешірім сұрағаным,
Өз арым өз беделім.

Қайырмасы:

Қатемді кешіріңдер,
Тербеткен бесігімді ел.
Ертеңге сабақ болар,
Ескіріп осы күндер
Өкпені өшіріңдер.

Туған жерім,киелі кең бесігім
Туған елім,ырысы көл көсірім
Періште емес Алланың пендесімін,
Адамның жерлесімін,
Қателіктерім үшін
Қазағымнан сұраймын мен кешірім.