Текст песни Ұшқын Жамалбек — Мен қазақтың баласы

Мекен Алтай Атыраудың арасы
Тау бауырдың өзен көлдің жағасы
Жастайынан жеті атасын жаттаған
Тегі мықты мен қазақтың баласы

Жау қолынан жыртылмаған жағасы
Ат үстінде ғұмыр кешкен баласы
Теуіп қалса темір үзіп кететін
Қайсар туған мен қазақтың баласы

Қайырмасы
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Қазақ туын қазақ болып қорғаған
Алыс заңдар мен қазақтың баласы

Жасытпаған дұшпанының жаласын
Жыр термеден табылатын дауасы
Жанын берер барын берер жер үшін ел үшін
Текке мықты мен қазақтың баласы
Топқа түссе тақымын қысар анасы
Ер сенімін ел сенімін ақтаған сақтаған
Отты жүрек мен қазақтың баласы

Қайырмасы
Жаратқан алла панасы
Есігі байтақ даласы
Алашым деп аттанса
Ешкімнің келмес шамасы
Қазақ туын қазақ болып қорғаған
Алыс заңдар мен қазақтың баласы