Текст песни Саят Медеуов — Ауылды ұмытып кетпеңдер

Балалық шағыңның бал күйін шерткен жер
Бауырлар ауылды ұмытып кетпеңдер
Сол жерде әкеңмен анашың төккен тер
Сол термен көктемде құлпырған көк терлер

Қайырмасы
Бәріңде туған ауылдар
Ауылда жайсаң қауын бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл ауылға барыңдар

Сарпылып сабырың таусылып төзімдер
Қаланың шуынан шаршаған кезіңде
Ауылға жол тартсаң нұр ойнап көзіңде
Бөленіп кетесің ерекше сезімге

Қайырмасы
Бәріңде туған ауылдар
Ауылда жайсаң қауын бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл ауылға барыңдар

Ауылда атаң бар ауызы дуалы
Әжең бар күн сынды мейірі шуағы
Әкеңмен анаң бар жаныңның шырағы
Келер деп жол жаққа елеңдеп тұрады

Қайырмасы
Бәріңде туған ауылдар
Ауылда жайсаң қауын бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл ауылға барыңдар