Текст песни Оңалбек & Ақжүніс — Сезім гүлі

Өзің сүйген серігі де өзің сүйген елігің боп мәңгілік
Нұр төгетін болып көктем
Ұмыттырған көз ілуді,алып ұшқан сезімімді ән қылып
Жеткізейін қонып көктеммен

Қайырмасы
Сезім гүлін солдырмайық
Бақыт құсын қондырайық
Махаббаттың жасыл бағына
Көк аспанға сырын ашқан
Қол ұстасып нұрын шашқан
Күн болайық бақыт таңына

Мөлдір сезім егіз болып,тасығандай теңіз болып сүйіппін
Маған ғашық жүрегіңді
Өзіңменен бағым дара,
Ғұмыр бойы саған ғана күйіппін
Арнайыншы жүрегімді мен.

Қайырмасы
Сезім гүлін солдырмайық
Бақыт құсын қондырайық
Махаббаттың жасыл бағына
Көк аспанға сырын ашқан
Қол ұстасып нұрын шашқан
Күн болайық бақыт таңына