Текст песни Ninety One — Неге сезімге әліміз келмейді (Halfani)

Неге,неге сезімге әліміз келмейді?
Махаббаттан қалған зақымды неге уақыт емдейді?
Қалайша өзге адамның қасынан жолын табамыз?
Айтшы
Махаббат егерде жоқ болса неге қиналамыз?

Сезімнің суық ызғарын
Көзімнің қарау басқанын
Қара бұлтқа жамылған
Жоғарыдағы көк аспандай жарқыраған
Бейнең жүрек түбінде қалады
Көзіңдегі жасыңмен тамшыдай жерге құлады
Сендегі дегенде мен
Сөздерім шегін табады
Барымнан арылғандаймын
Өмірім тегін қалады жардағы
Сағаттың тілі тек алға қарай шабады
Кешегі қызықты күннің есігін құлттап,жабады
Әр пенденің төбесінен
Найзағай ойнайды
Білем,бірақ ішкі сезіміміз тазармайды жаңбырмен
Қанша қиялдасаң да
Ешқашан ұшпайды кілем
Сол секілді біздің сезім
Ұшпайды желменен
Мен мұңаямын неге?
Қоңыр күздің терегіндей
Неліктен біздің тағдыр
Төрт мезгілдің әсеріндей
Қайғыдан қан жұтады
Жүрек түбіне жеткендей
Сезімім тірі,бірақ денемдегі жан біткендей
Саған бауыр басып қалдым,сенімен тыныс аламын
Менің жүрегімде сенің қолыңның ізі қалады
Бір сөз жұлдыздай жанып кеудемнен орын аласың
Бір сөз жұлдыздай ағып
Жерге жетпей жоғаласың
Мен білемін ұмытам деген сөз бізді алдайды
Сезімді қанша тықсаңда,
Көзің жасыра алмайды
Алға қадам бассамдағы мен ұмыта алмаймын
Жүректі әбден қинады
Үміт,көңіл сұраймын

Неге,неге сезімге әліміз келмейді?
Махаббаттан қалған зақымды неге уақыт емдейді?
Қалайша өзге адамның қасынан жолын табамыз?
Махаббат егерде жоқ болса неге қиналамыз? (2)

Дос болу ма?
Жоқ,келмейд менің қолымнан!
Бақыттымды тосам,ендігі өмір жолынан
Бұл менің қалауым
Таңдаған үзілді шешімім
Ойламайм,кешегі тартады ойып келешегіме
Таусылды төзім,өлшемі де
Тек сағынды шыдамды
Жасырды көзім көргенімше
Жүрекке соққы соғарында
Бағыныш сезіміне тереңінен бойладым ба
Аздап болса да уайымдап сен мені ойладың ба
Сонда да,жолым саған тартса да намыс қадалды
Сағынышқа толы сезім бойыменен таралды
Күмәнмен өткен күндерден артық күн бізге тумады
Күткен бақытымыз айналып
Бізден өтіп барады
Менімен болады деп ойлағанын білгесін
Жүрегімді қиналтқан,сезілмейтін сезім
Сырымызды ашпай
Өткіземіз күнді енді тегін үнсіз
Керегің қанша сенің жалған махаббатың сезімсіз
Сұрамаймыз іздемейміз
Көңілі бірдей жандардай
Бір бірімізді танымастай
Кететін хәлге жеткенбіз
Бүгінгі күн салқын тартты
Күзгі таңның шығындай
Алдағы күндер,ауыр күнді біз білмеген екенбіз
Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады
Тәтті өмір елес болып,сол қалпында қалады
Ал екеуміз қимасақ та
Сол бір тәтті күндерді
Аххх,Шіркін екеуімізді алыстатып барады

Неге,неге сезімге әліміз келмейді?
Махаббаттан қалған зақымды неге уақыт емдейді?
Қалайша өзге адамның қасынан жолын табамыз?
Махаббат егерде жоқ болса неге қиналамыз?(2)