Текст песни Нұрболат Абдуллин — Ана

Ұлылықтың бастауы нұр үміттің астауы ана
Бейбіт əлем аспаны
Шоқ ала көл шашбауы ана
Шалқар көңіл иесі
Саған мақтау тиесі ана
Қызыл жасыл дүниенің
шеребеті киесі ана

Қайырмасы:
Ана күннің сəулесі
Айдың нұрысың
Анау мынау ғаламның
Айбынды үнісің
Сенсің ана алтын діңгегі дүниенің
Тарихтардан тін тартқан
Мұралардан ең ұлы ана өзіңсің

Хауа анадан жалғасқан
Даналықсыз таңдасқан ана
Қыз дəурені алды аспан
Бармағымен бал басқан ана
Адалдыққа дос қорған
Қатты сөзден жасқасқан ана
Балам ішсін жесін деп
Жаутаңдаумен аш қалған ана

Қайырмасы:
Ана күннің сəулесі
Айдың нұрысың
Анау мынау ғаламның
Айбынды үнісің
Сенсің ана алтын діңгегі дүниенің
Тарихтардан тін тартқан
Мұралардан ең ұлы ана өзіңсің

Əкешімнің жан жары
Жанұямның бау бағы ана
Көрсең екен деп жүрмін
Балаңның көп арманы ана
Таңымда сен кешім сен
Сырым шексіз шешілсе ана
Ұлың болмай кетейін
Ошағыңды өшірсем ана

Қайырмасы:
Ана күннің сəулесі
Айдың нұрысың
Анау мынау ғаламның
Айбынды үнісің
Сенсің ана алтын діңгегі дүниенің
Тарихтардан тін тартқан
Мұралардан ең ұлы ана өзіңсің