Текст песни Мөлдір Әуелбекова — Сағынба

Сөндірме көңіл жарығын
Тағдыры бар ғой барінің
Жеңе алмай алі жүрсіңбе
Жүректің әлсіз әмірін
Қинама бекер өзіңді
Әніңе қосып сөзіңді
Жолыңды тауып кете бер
Басқаға арнап сезімді
Қайырмасы:
Бол ие берген бағаңа
Отына өзің жалында
Болмаймын мәңгі жаныңда,
Сағынба мені сағынба!
Болмаймын мәңгі жаныңда ,
Сағынба мені сағынба!
Үзілмей сенің үмітің
Армандай берме күні түн
Жаралай берме жаныңды
Жөніңді білші жігітім
Өтеді мен деп күндерің
Өседі мен деп гүлдерің
Бәріне себеп болғаным
Биікте сенің жүрегің
Қайырмасы:
Бол ие берген бағаңа
Отына өзің жалында
Болмаймын мәңгі жаныңда,
Сағынба мені сағынба!
Болмаймын мәңгі жаныңда ,
Сағынба мені сағынба!