Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың!!!
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың!!!
Қаз бауыр бұлттыр маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Арманда мені арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Қурайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Ақ ұлпа жерге жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың