Текст песни Мәди Марат — Өзіңмен ғана

Жүрек ішінде бос қамалымның
Бір сезім лаулап жанғаны ай
Өзіңді көрген қос жанарымның
Өзгені көрмей қалғаны ай

Қайырмасы
Сезіммен қара көзіммен қара
Жауапсыз мүлде қалмағын
Өзіңнің ғана өзіңнің ғана
Бақытты болу арманым

Тек осылай қоштасып қалмай
Сен мені мәңгі хан сана
Бір бірін сүйген қос ғашықтардай
Үлгі болайық баршаға

Қайырмасы
Сезіммен қара көзіммен қара
Жауапсыз мүлде қалмағын
Өзіңнің ғана өзіңнің ғана
Бақытты болу арманым