Текст песни Әбдіжаппар Әлқожа — Таптым

Сүюге ыңғайланып
Жүрегім тынбай қағып
Жүргендей күнді айналып
Жүзіңе тұр байланып

Таптым сені таптым
Тағдырдың тақтасынан
Сезім отын жақтың
Көруге қатты асығам

Қайырмасы:
Сені, сені таптым
Жүрегіңді қақтым
Мені, мені, мені кіргіз деп
Сені, сені таптым
Кірпігіңді қақтың
Енді, енді жүрсің кімді іздеп

Көңілім шалқып тасып
Бір қадам артық басып
Жақындап хəл сұрадым
Жып-жылы қарсы алдың

Таптым сені таптым
Едің ғой жұмбақ ғалам
Сені көрген сəттің
Əр сəті қымбат маған

Қайырмасы:
Сені, сені таптым
Жүрегіңді қақтым
Мені, мені, мені кіргіз деп
Сені, сені таптым
Кірпігіңді қақтың
Енді, енді жүрсің кімді іздеп.