Текст песни Әбдіжаппар Әлқожа — Бұрымды қыз

Жүз жігітке жүзін бұрып қарамаған,
Бір аруға қарап келем бағанадан.
Жүз бір түрлі күйге салды жас жанымды,
Шаш бауының сыңғырынан тараған ән.
Жүз бір түрлі күйге салды жас жанымды,
Шаш бауының сыңғырынан тараған ән.

[Қайырмасы]
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Бірдеңені сезгендей бұрылдыңыз.
Бұрылдыңыз, бұрымды қыз,
Енді ұмыта алмаспыз түріңді біз.
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Жып-жылы сезіміме жылындыңыз.
Бір қарадың, бұрымды қыз,
Жүрегімді босатты бұрымды қыз.

Ұзын шаштан көзімді алмай ақырында,
Ұзап кеттім мен бірнеше шақырымға.
Бұрымыңдай болсын деймін ғұмырыңда,
Ғұмырыңдай болсын деймін ақылыңда.
Бұрымыңдай болсын деймін ғұмырыңда,
Ғұмырыңдай болсын деймін ақылыңда.

[Қайырмасы]
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Бірдеңені сезгендей бұрылдыңыз.
Бұрылдыңыз, бұрымды қыз,
Енді ұмыта алмаспыз түріңді біз.
Бұрымды қыз, бұрымды қыз,
Жып-жылы сезіміме жылындыңыз.
Бір қарадың, бұрымды қыз,
Жүрегімді босатты бұрымды қыз.