Текст песни Қайрат Нұртас — Аллаға шүкір

Меккеге барсам сұрадым Алла
Қағбада тұрсам жыладым Алла
Тәуелсіз менің елімнің жаққан
Сөндіре көрме шырағын Алла
Наныңнан жедік, суыңнан іштік
Отаным сенен көрмедім ыстық
Ұрпаққа сені жеткізу үшін
Алланың әділ жолына түстік

Алла, Алла, Алла
Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір
Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір
Көкте сұңқар, жерде тұлпар
Қарасам біздей бақытты кім бар?
Аллах уакбар Аллах уакбар
Аллах уакбар Аллах уакбар Уаллали ил хамди

Отаным деген Пайғамбар сөзі
Аллаға қолын жайғандар сөзі
Харамға қарны тойғандар емес
Иманға жүрек тойғандар сөзі
Бабалар еткен балауыз бақта
Берегөр өмір бақытты шақта
Ел-жұртым аман бауырым бүтін
Иә Алла бізді тіл-көзден сақта

Алла, Алла, Алла
Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір
Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір
Көкте сұңқар, жерде тұлпар
Қарасам біздей бақытты кім бар?
Аллах уакбар Аллах уакбар
Аллах уакбар Аллах уакбар Уаллали ил хамди x2