Текст песни Қайрат Нұртас & ALAR — Сен атқан таңдай

Нұр төккен күнімсің
Көктем гүлімсің жайқалып тұрған
Тым тәтті мінез де
Пәктігі көздің байқалып тұрған

Қайырмасы:
Сен атқан таңдай
Ерекшесің сырың сақталғандай
Сен тәтті армандай
Күлімдесең әлем шаттанғандай

Біз жарасып жүрсек
Бағасын білсек адал сезімнің
Мен барлық асуға
Мәңгі қасыңда болам өзіңмен

Қайырмасы:
Сен атқан таңдай
Ерекшесің сырың сақталғандай
Сен тәтті армандай
Күлімдесең әлем шаттанғандай