Сұлу қыз кездескенде тойда
От ойнап жалындадың бойда
Атыңды білмесемде,еркелеп күлмесеңде
Орала бересің сен ойға
Басқамен билесеңде сен мені сүймесеңде
Танысшы сылтауыңды қойда
Қайырмасы
Мейлі сен бақытым деп бағалама
Тек үнсіз жүрегімді жаралама
Жайнаған жұлдыз едің,
Қазақтың бір қызы еркем
Маңдайда бағым болып жайна
Құшақтап сені қысып бұлттарда жарып ұшып
Қолыңды жеткізейін айға
Қонбаған құсым менің қолға
Сезімім сені іздеп жүр жолда
Бақытым келем деумен күтумен елеңдеумен
Адасқан арманымдай болма
Қол қысып кетеріңде оралған мекеніңе
Құстардан сəлеміңді жолда
Қайырмасы
Мейлі сен бақытым деп бағалама
Тек үнсіз жүрегімді жаралама
Жайнаған жұлдыз едің,
Қазақтың бір қызы еркем
Маңдайда бағым болып жайна
Құшақтап сені қысып бұлттарда жарып ұшып
Қолыңды жеткізейін айға