Неге, тым ауыр бәрі жаным
Сүйгеннің соры қалың
Мен әлі сағынамын
Неге, сел кешіп сен деп жүдеп
Махаббат сөнбейді деп
Келеді көнбей жүрек
Қайырмасы:
Сезімді суытайын,
Ұмытшы, ұмытайын.
Қалай, айналдың жатқа мүлдем
Бақытты шақтарыммен
Жадымда сақталып-ең
Қалай, бәрі де артта қалды,
Жақсам да аппақ арды
Дүние қап-қараңғы.
Қайырмасы:
Сезімді суытайын,
Ұмытшы, ұмытайын.