Ұлдары бар жатқан намыс бермеген
Шыңдары бар көкке қарай өрлеген
Мекен жатыр күршім деген шығыста
Бесігінде ұлылықты тербеген
Қайырмасы
Айтайын достар бір сырды
Әспеттеусіз ақ бір шынды
Ақ жалы ат басар
Жалғайды бір шың бір шыңды
Қиын су Ертіс тұрағы
Жалғайды бір су бір суды
Танығың келсе ерлікті
Танығың келсе тылсымды
Көріңдер келіп күршімді
Бір ғажайып нүктесіндей ғаламның
Талы қандай көлі қандай даламның
Көршім деген аты да тұр дәлелдеп
Батырлығы көк жал бары бабамның
Қайырмасы
Айтайын достар бір сырды
Әспеттеусіз ақ бір шынды
Ақ жалы ат басар
Жалғайды бір шың бір шыңды
Қиын су Ертіс тұрағы
Жалғайды бір су бір суды
Танығың келсе ерлікті
Танығың келсе тылсымды
Көріңдер келіп күршімді