Бір сәт жылт еткен сәуледей,
Көрініп ғайып болдың.
Аңсап, қол созып жетерде,
Қалай көз жазып қалдым.
Бейнең тылсым сырға толы,
Қиялмен жобалайын.
Сендей жұмбақ арулардың,
Есімі — Сұлулайым!
[Қайырмасы]
Қайдан іздеп сені,
Қайдан табар екем?
Сұлулайым!
Ойдан, шығар емес ойдан,
Көңілдесің сен әрдайым.
Қайдан іздеп сені,
Қайдан табар екем?
Сұлулайым! А-ааа-ай!
Табар екем қайдан?
А-ааа-ай! Сұлулайым!
Жұмсақ жайдары мінезің,
Жүрекке жайлы шығар.
Көркің ақылға сай келген,
Күндей шырайлы шығар.
Қайта сені бір көрмесем,
Бар төзімім таусылар.
Менің осынау жайымды,
Тек ғашық жандар ұғар.
[Қайырмасы]
Қайдан іздеп сені,
Қайдан табар екем?
Сұлулайым!
Ойдан, шығар емес ойдан,
Көңілдесің сен әрдайым.
Қайдан іздеп сені,
Қайдан табар екем?
Сұлулайым! А-ааа-ай!
Табар екем қайдан?
А-ааа-ай! Сұлулайым!