Ұйқыдан тұра салып ойланып тұрдым
Үйлену керек маған
Сыңарсыз жүрекке болама тыным
Сүйгені қандай адам
Сол жанды тауып
Сезімді жарып
Жасайын үлкен қадам
Болмай жүр күйім
Қалайда биыл үйлену керек маған
Қайырмасы
Сағанда мағанда үйлену керек
Армандап жүре бермей
Қыздарға сөз айтуды үйрену керек
Сыртынан сүйе бермей
Сағанда мағанда үйлену керек
Қиялдап жүре бермей
Қыздарға гүл сыйлап үйрену керек
Өмірің гүл өтердей
Ұйқыға жатарда ойланам тағыда
Үйлену керек ау деп
Үйленген жандарды айналамда
Бақытты көру бөлек
Күн өткен сайын мазалап айын
Бір түрлі жүдеп барам
Биылдан қалмай бір сұлуды үйлендіру керек маған
Қайырмасы
Сағанда мағанда үйлену керек
Армандап жүре бермей
Қыздарға сөз айтуды үйрену керек
Сыртынан сүйе бермей
Сағанда мағанда үйлену керек
Қиялдап жүре бермей
Қыздарға гүл сыйлап үйрену керек
Өмірің гүл өтердей