Ояттың ау сен ұйықтап жатқан сезімді
Ұмытпаймын мен ғашық болған кезімді
Көріп мөлдір көзіңді
Естіп тәтті сөзіңді
Ұстай алмадым өзімді
[Қайырмасы]
Көрікті сұлуым
Елітті қылығың
Баурады бұрымыңның
Исі
Ешкімге қарама
Тек мені бағала
Сүйсең сен мені ғана
Сүйші
Балдай ләззат сен сыйладың-ау түр түрлі
Қандай ғажап ех сүйген сұлу сылқымды
Ұрлап күндіз күлкімді
Бұздың түнгі ұйқымды
Болып жүрмін-ай біртүрлі
[Қайырмасы]
Көрікті сұлуым
Елітті қылығың
Баурады бұрымыңның
Исі
Ешкімге қарама
Тек мені бағала
Сүйсең сен мені ғана
Сүйші