Жұмбақ қыз маған бұл кім
Сыр ашып қалып мүмкін.
Қалайша жүрегінің табам кілтін.
Жымиып тұрды тыңдап
Қылығы үлгі қымбат
Барша қыз сондай болса
Сырлы жұмбақ.
Қайырмасы:
Əдемі көзі ұнайды
Əдепті сөзі ұнайды
Ешкімге сыр ашпайды
Өзі жайлы.
Ұнайды көзі неге
Ұнайды сөзі неге
Қимаймын өзге түгел
Өзіме де.
Төзімді тауысқаны
Ақыры таныспады
Жо-жоқ деп жұмбақ ару
Алыстады.
Қандай жан сөз де өтпейтін
Қандай жан көз де өтпейтін
Əрбір қыз сондай болса
Қол жетпейтін.
Қайырмасы:
Əдемі көзі ұнайды
Əдепті сөзі ұнайды
Ешкімге сыр ашпайды
Өзі жайлы.
Ұнайды көзі неге
Ұнайды сөзі неге
Қимаймын өзге түгел
Өзіме де.