Текст песни Қайрат Нұртас , Гүлзира Айдарбекова — Мақтанамын

1)Еңбеек еттім мың аралап ел ішін
мұның бәрі алтын ұлым сен үшін
Ұйқысыз түн күлксіз күн өткізген
Сол еңбегім берді бүгін жемісін

Қайырмасы
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей өнерлі баламмен
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей ақылшы анаммен

2)Қаншама рет қателескен кезде мен
Кешіріммен қарап үнсіз төзген ең
Кір келтірмей енді сенің атыңа
Сеніміңді ақтаймын деп сөз берем

Қайырмасы
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей ақылшы анаммен
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей өнерлі баламмен

3) Артта қалды мұңға батқан шақтарым
Шүкір етем үмітімді ақтадың
Адам бол деп айтқан сөзді жан анам
Жүрегімнің түкпірінде сақтадым

Қайырмасы
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей ақылшы анаммен
Мақтанамын мақтанамын
Мен өзіңдей өнерлі баламмен