Сен ғана, сен ғана, ең сұлу, ең дара,
Сен ғана, сен ғана, сен ғана.
Мен ғана, мен ғана, бағыңды ашатын – ер бала!
Қайырмасы:
Сен кеме, мен жаға,
Тосатын толғана,
Сен күнсің, ал мен жер,
Сен сары, мен қара.
Мен ауыл, сен қала,
Әнімді арнадым – ең жаңа.
Көңілім – кең дала, серігің мен ғана,
Жақында жаныма, ем бола.
Аңсарым – сен ғана, көзіме кел, қара, Сен маған!
Қайырмасы:
Мен болам, мен болам,
Өзіңсіз мұңды адам.
Мөп-мөлдір көзіңде,
Мөлт еткен көл болам.
Аңсатпай түсімде – Кел маған!
Ай сәулелі аппақ түн,
Түсіме енші, тәп-тәттім.
Өзіңді ойлап жатпақпын, Көзімді ілмей.
Жұлдыздай боп жанарсың,
Өңімде де боларсың,
Ғашық болып қаларсың Өзің білмей.
Қайырмасы:
Мен болам, мен болам,
Өзіңсіз мұңды адам.
Мөп-мөлдір көзіңде,
Мөлт еткен көл болам.
Аңсатпай түсімде – Кел маған!
Сен кеме, мен жаға,
Тосатын толғана,
Сен күнсің, ал мен жер,
Сен сары, мен қара.
Мен ауыл, сен қала,
Әнімді арнадым – ең жаңа.
Әнімді арнадым – ең жаңа.