Таппасам да өмір тұрлауын,
Әнге қосып сені жырладым.
Айлы түнде берген сертіңде,
Айтшы сәулем неге тұрмадың!?
Неге тұрмадың!?
[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарымда қалдың тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!
Қара жолда тұнып іздерің,
Түн пердесін түріп іздедім.
Мың күнімді мұңға батырып,
Бір күнімнен үміт үзбедім!
Үміт үзбедім!
[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарыңда қалдым тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!
Жадыраған жазда ма екенсің!?
Еркелеген назда ма екенсің!?
Қайда екенсің қара көз айым!?
Әлде сырлы сазда ма екенсің!?
Ай, Қайда екенсің!?
[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарыңда қалдым тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!