Мейірін төгіп əлемге бірге тербеттің бесік ұйқысыз түнде
Қайғы мен азап шектің ау ана
Құлыным аман болсын деп күнде
Құшағың ыстық мейрге толған
Ойларың өріс жемісті орман
Аялы ыстық алақаныңмен өзіңсің ана мəңгілік қорған
Қайырмасы
Сағынып жүрмін өзіңді бұл күн
Жетермін арманға менде бір күн
Миллион байлық миллион күлкі жетпейтін ана пейіліңе шіркін!
Ақ сүтің қарыз ақтармын əлі
Өзіңмен келер өмірдің сəні
Əуелі тəтті жүректіі үні
Көңілдің шырқар таусылмас əні
Пейілі нұрлы көгімде күлсе
Тілегім ана аман бол білсең
Бақытты жан жоқ əлемде менен
Анашым бірге қасымда жүрсең
Қайырмасы
Сағынып жүрмін өзіңді бұл күн
Жетермін арманға менде бір күн
Миллион байлық миллион күлкі жетпейтін ана пейіліңе шіркін!