Текст песни Мейрамбек Беспаев & Ернар Айдар — Сен жоқта

Жанымда жүргенің
Бақыт деп білгенім
Әттең ол сағым екен.
Мен жетпес гүл ме едің
Еркелеп күлгенің
Өзгенің бағы ма екен.

Сәт сыйлап қас қағым
Кеттің де тастадың
Жазықсыз сезімді отқа.
Елеспен тілдестім
Елеусіз күн кештім
Ардағым өзің жоқта.

[Қайырмасы]
Сен жоқта айналаны, anmatinderi
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай су, қара тасқа
Құс жастық айналады.

Сағынам әлі де
Сен жайлы бәріде
Санамда ой жүрсе мың
Көз салмай бір қызға
Ең жарық жұлдызға
Атыңды қойдым сенің.

Не қиып кете алмай
Не саған жете алмай
Әурелі күйде жүрмін
Жолыңды тосқаным
Әніме қосқаным
Дәлелі сүйгенімнің

[Қайырмасы]
Сен жоқта айналам, anmatinderi
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай су, қара тасқа
Құс жастық айналады.