Текст песни Марат Балмырза — Хабарласпаңыз

Өткеннің бәрі сағымға айналды
Жүрегім сізді сағынбай қалды
Басқадан енді бағыңды іздеші
Басқаға менің бағым байланды
Ертеңнен үзбей үміт бір күні
Алдыңнан шығар күліп тағдырың
Бір көктем сізге оралары анық
Бірге өткен кездерді ұмыт барлығын

Қайырмасы
Сіз маған енді хабарласпаңыз
Хабарласып жүр маған басқа қыз
Кез келген кезде қоңырау шалып
Кездескен кезде амандаспаңыз

Жүректі берген сақтамадыңыз
Жүрекпен сенген ақтамадыңыз
Үзіңіз енді үмітіңізді
Үзілсін бірге хат хабарымыз
Алмаймын сізді мүлде кешіріңіз
Қамай бермеңіз мұң бөлмесіне
Қоңырау салып шала бермеңіз
Келмеске кеткен күндер есте

Қайырмасы
Сіз маған енді хабарласпаңыз
Хабарласып жүр маған басқа қыз
Кез келген кезде қоңырау шалып
Кездескен кезде амандаспаңыз