Текст песни Мөлдір Әуелбекова — Бақытың сені тосады

Екі елдің қосып арасын
Біздерден кетіп барасың
Өз үйіңде сен өссеңде
Өзгенің бағын жағасың
Ақ жолын жалғап анаңның
Əкенің ақтап арманын
Көрмеші барған жеріңде
Өмірдің ауыр салмағын

Қайырмасы:
Аттадың-ай жаңа босаға
Босама енді босама!!!
Алдыңнан жарқын күн туған
Бақытың сені тосады,

Гүліндей нəзік көктемнің
Еркесі едің текті елдің
Арқасы ата ананың
Осы бір күнге жеткенің
Түсірме сызат арыңа
Жақсыны сақта жадыңда
Бақытты болшы мəңгілік
Тапсырдық сені жарыңа