Текст песни Ернар Айдар & Мөлдір Әуелбекова — Сағыныш

Мұңға батқан жүректің жағаласын шулатып
Сені аңсаймын жанымның толқындарын тулатып
Сандуғашқа сайраған сен жайлы әнді тыңдатып
Білесің бе мен үшін сені көру мың бақыт

Қайырмасы:
Қалай жүрсін сағынбай қалай жүрсін үндемей
Айлы түнді аңсаумен әнге салған кім демей
Мен аңсаймын сол шақты күн демей де түн демей
Сөндірдік-ау бекер біз үміт отын үрлемей

Өткен күндер расында жазылғаны маңдайға
Жүрегімді жұбатып түсінетін жан қайда
Әппақ атым шалғайда жаурамай ма тонбай ма
Мен кінәлі шығармын сен кешірсең болмай ма

Қайырмасы:
Қалай жүрсін сағынбай қалай жүрсін үндемей
Айлы түнді аңсаумен әнге салған кім демей
Мен аңсаймын сол шақты күн демей де түн демей
Сөндірдік-ау бекер біз үміт отын үрлемей