Қап қара женгем қап қара
Сырыңды айтшы ақтара
Қасыңда жүрген сол жылдар
Сəулелі қандай шақтары
Қап қара женгем əдемі
Жап жарық сенің əлемің
Ұрпаққа үлгі өнеге
Иіліп салған сəлемің
Қап қара жүзің күн қақты
Жанбарма сенен қымбатты
Қаншама қайын інің еркелеп
Сырларын саған тыңдатты
Қап қара женгем ғажабым
Өмірдің көрме азабын
Бұрымындай боп өрілген
Арналар саған саз əнім
Қап қара женгем ғажабым
Өмірдің көрме азабын
Бұрымындай боп өрілген
Арналар саған саз əнім
Өнеге үлге жиғаның
Əрқашан жұртты сыйладың
Қап қара жүзің болсада
Күрең шай демдеп құйғаның
2рет
Қап қара женгем зор есің
Бағыңды ағам қорысын
Қап қара деген қалжыңым
Қара емес қара торысың
Қап қара жеңгем көріктім
Өзіңдей сырға берік кім
Қап қара тастай ағамның
Жүрегін талай еріттің