Текст песни Әбдіжаппар Әлқожа — Осылай бола ма?

Көрсем де, талайды,
Ажарың арайлы.
Әмірім жүрмеген,
Жүрегім қалайды.

Кейде сен қаттысың,
Кейде тым тәттісің.
Мен сүйген ару қыз,
Сен маған бақпысың!?

Қайырмасы:
Жүрегім айықсын, сезімді бағала,
Сен маған лайықсың, басқаға қарама!
Аққудан аумайсың, көңілің тола ма?
Гүл берсем, алмайсың, осылай бола ма!?

Ай ма екен? Жұлдыз ба?
Жарқырап тұрмыз ба?
Әдемі әнімді-ей, арнадым сол қызға,
Жәудіреп жанарым, сені іздеп барамын.
Астана аруы, қайдасың маралым!?

Қайырмасы:
Жүрегім айықсын, сезімді бағала,
Сен маған лайықсың, басқаға қарама!
Аққудан аумайсың, көңілің тола ма?
Гүл берсем, алмайсың, осылай бола ма!?