Тағдырым сынап, тұрсада шыдап,
Асаудай тулап, сүйемін құлап,
Жүрегім жылап, құрақ — құрақ,
Сезілмей күнім, көз ілмей түнім,
Өтуде зулап, бермейтін тыным,
Қайғымда мұңым, бір ақ сұрақ,
[Қайырмасы]
Неге сүйемін, неге күйемін
Сыздап жүрегім, неге
Сендей сүйгенмін
Сендей күйгенмін,
Оны білемін мен де
Махаббат деген, өлшеусіз терең,
Түпсіз тұңғұйық, армандау оңай,
Қол жеткізерме, биік — биік,
Батырмас терең, ұнатсаң егер,
Шексіз шын сүйіп, ұзамас сенен,
Ақ арман берген, тағдыр сыйы,
[Қайырмасы]
Неге сүйемін, неге күйемін
Сыздап жүрегім, неге
Менде сүйгенмін,
Менде күйгенмін,
Əлі келемін шыдап
Махаббат деген, бір нəзік əуен,
Шырқай бер талмай,Таусылып төзім
Сөнбесін сезім, абайламай
Ғашық боп тұрам, асық боп тұрам,
Қашан да солай, қанатын қағып,
Өтсе де уақыт, талай талай
[Қайырмасы]
Неге сүйемін, неге күйемін
Неге жүрегім сыздап
Сендей сүйгенмін
Сендей күйгенмін,
Оны білемін мен де
Неге сүйемін, неге күйемін
Сыздап жүрегім, неге
Менде сүйгенмін,
Менде күйгенмін,
Əлі келемін шыдап